Бір түйір тәтті, мың көңіл күй

Бір түйір тәтті, мың көңіл күй

фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/MilicaSandberg

       Бүгін әлем жұртшылығы Дүниежүзілік балмұздақ күнін атап өтеді. Бұл күн 1786 жылы АҚШ-та балмұздақтың алғаш рет жаппай сатылымға шыққан уақытымен байланысты. Қазір балмұздақ әлемдегі ең сүйікті тәттілердің біріне айналды.

       Ал балмұздақтың тарихы әлдеқайда тереңде жатыр. Оның алғашқы үлгілері ежелгі Қытайда пайда болған деседі. Қытайлықтар қар мен мұзды жеміс-жидек шырынымен араластырып, сергітетін тәтті десерт дайындаған.

       Кейін мұндай салқын тағамдар ежелгі Грекия мен Римде де кең тарады. Олар жеміс шырындары мен сүттен жасалған мұздатылған тағамдарды ерекше жақсы көрген екен.

       Тарихшылардың айтуынша, әйгілі саяхатшы Марко Поло Қытайдан Еуропаға балмұздаққа ұқсас рецепттерді жеткізген. Осылайша тәтті тағам Еуропа елдеріне кеңінен тарай бастайды.

       Ал XVII ғасырдың соңында француз аспазы Жерар Тирсен сүт пен кілегейден жасалған мұздатылған ванильді кремнің жаңа түрін ұсынып, кейін ол «неаполитандық балмұздақ» деген атаумен танымал болды.

       Балмұздақ тек тәтті десерт қана емес, ол көңіл күйді көтеретін сүйікті тағамдардың бірі. Құрамындағы сүт өнімдері ағзаға кальций мен қуат береді. Сондықтан ыстық күнде бір түйір балмұздақ жеп, жақсы көңіл күй сыйлауды ұмытпаңыздар!

Жазылу