Төрт амур жолбарысы Алматыға ұшақпен жеткізілді

Төрт амур жолбарысы Алматыға ұшақпен жеткізілді

фото: https://pixabay.com/

Қазақстан аумағында амур жолбарысын жерсіндіру жөніндегі ауқымды Қазақстан-Ресей бағдарламасын екі елдің табиғатты қорғау мекемелері жүзеге асырып жатыр

Төрт амур жолбарысы Ресейдің Хабаровск өлкесінен Алматыға ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы "Аэрофлот" әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Үш жастағы бір аталық және бір аналық, сондай-ақ бір жасқа дейінгі екі жолбарыс жеткізілді", – делінген хабарламада.

Хабаровск өлкесінде оларды мамандар бақылаған, ал тасымалдау кезінде "Амур жолбарысы" орталығының және Мәскеу зообағының қызметкерлері бірге еріп жүрген.

"Аэрофлот" бас директоры Сергей Александровскийдің айтуынша, компания бұл жануарларды халықаралық жобаға үлес ретінде тегін тасымалдаған.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу