TikTok, X және Instagram-ға балама ретінде жаңа әлеуметтік желілер пайда болды

TikTok, X және Instagram-ға балама ретінде жаңа әлеуметтік желілер пайда болды

фото: Pexels.com

Еуропада TikTok, X және Instagram-ға балама ретінде жаңа әлеуметтік желілер пайда болды. Осындай жобалардың бірі — шведтік W Social әлеуметтік желісі, деп хабарлайды ҚазАқпаарат  DW.  басылымына сілтеме жасап.

Осындай жобалардың бірі — шведтік W Social әлеуметтік желісі.

Платформаны жасаушылар деректер қауіпсіздігіне, ашықтыққа және боттардың болмайтынына назар аударып жатқанын мәлімдейді.

— W — жаңа әлеуметтік желі. Тәуелсіз және объективті. Әлемге ашық. Еуропалық заңдар бойынша, еуропалық инфрақұрылыммен жұмыс істейді, — деді компанияның бас директоры Анна Цайтер.

Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — Еуропада еркін байланыс және «демократияны қорғау» үшін сандық платформа құру.

Әзірлеушілер W Social боттар мен жалған аккаунттардан азат болады деп мәлімдейді. Ол үшін пайдаланушылар тіркелген кезде жеке куәлікпен өздерінің жеке басын растауы керек. Тексерілгеннен кейін деректер дереу жойылады.

Цайтер сонымен қатар Германия, Швейцария, Италия және Бельгия компаниялары мен жеке инвесторлары жобаға инвестиция салғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Еуропада тағы бір жоба дамып келеді: 2025 жылдың соңында Берлинде орналасқан әзірлеушілер тобы жариялаған Wedium әлеуметтік желісі.

W Social және Wedium техникалық тәсілдерімен ерекшеленеді. Wedium жабық, орталықтандырылған жүйе ретінде жұмыс істейді, ол Кремний алқабындағы әлеуметтік желілерге ұқсайды. Ал W Social керісінше ашық, орталықтандырылмаған платформа ретінде құрылады. Бұл пайдаланушыларға басқа цифрлық жүйелермен өзара әрекеттесуге және хабарлама алмасуға мүмкіндік береді.

Материал Қазақпарат агентігінен алынды. 

Жазылу