Күдікті ақша ұрлағанын мойындады
Ақмола облысының полициясы 20 жыл бұрын ұрланған ақшаға қатысты істі ашты.
Бұл қылмыс 2007 жылы Атбасарда жасалған. Шаруа қожалығының иесі көлігін гаражға қойып кеткен. Оның ішінен 300 мың теңге ұрланған. Полиция оқиға орнын зерделеп, шұғыл іздестіру шараларын өткізсе де, күдіктіні анықтай алмады. Бірақ базада криминалистер түсіріп алған саусақ іздері сақталған. Қылмыстық іс ұзақ уақыт бойы ашылмай келген.
Жақында атбасарлық тергеушілер ұрының ізіне түсті. Жергілікті полицейлер есірткі қылмысын жасаған ер адамды ұстаған. Ал оның саусақ ізі базаға енгізілді.
"Криминалистік есепті зерделеу кезінде ұсталған ер адамның саусақ іздері 20 жыл бұрын ұрлық жасалған жердегі саусақ ізіне толығымен сәйкес болып шыққан. Ер адам сол кезде ақша ұрлағанын мойындады", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін Ақмола облысында 61 жастағы ер адам 24 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған болатын.
Дерек көзі: https://sputnik.kz