Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияға ұлттық мәртебе берілуі орынды. Бұл туралы Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
— Мен Мемлекет басшысы ретінде ұлт руханиятына адал қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп отырмын. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың жалақысы 2 есе ұлғайды. Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі 2 есе өседі, — деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, тек былтырдың өзінде елімізде 61 мәдениет нысаны салынды. 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Президент Жарлығымен үш бірдей мұражайға ұлттық мәртебе берілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.
https://kaz.inform.kz/