Атлант мұхитындағы MV Hondius круиздік лайнерінің бортында хантавирус өршуі тіркелді.
Оқиға салдарынан үш жолаушы көз жұмып, тағы бірнеше адам ауыр хәлде жатыр.
Oceanwide Expeditions кеме операторының мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы – туристер. Қазіргі уақытта лайнер Кабо-Верде (Батыс Африка) жағалауында тұр. Жергілікті билік экипаж мүшелері мен жолаушылардың жағаға шығуына әзірге рұқсат бермей отыр.
Хантавирус тыныс алу жолдарының ауыр дертін тудырады, бұл жағдайлардың 38 пайызында өлімге әкеп соғады. Инфекция әдетте кеміргіштермен жанасу арқылы жұғады.
MV Hondius лайнері осыдан жеті апта бұрын Аргентинадан жолға шыққан. Кеме Антарктида мен Әулие Елена аралына тоқтаған. Қазіргі таңда бортта 170 жолаушы мен 71 экипаж мүшесі бар.
"Барлық белгілер вирустың көзі кеменің ішінде екенін көрсетеді. Кеме мұқият тексеріледі, олар міндетті түрде бірдеңе табады", – деді америкалық дәрігер Скотт Мискович.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz