Астанада халықаралық иттер көрмесі өтеді

Астанада  халықаралық иттер көрмесі өтеді

фото: pexels.com

2-3 мамыр күндері елордада Astana Winner 2026 халықаралық иттер көрмесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 350-ден астам ит, итбегілер, ит ұстаушылар және әуесқой кинологтар қатыспақ. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мақсат - Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының қатарына жататын «Қазақ тазысы» ұлттық ит тұқымын сақтау, дамыту және әлемдік деңгейде насихаттау. 

Мамандардың сөзінше бұл – қазақтың тазысын әлемге танытып, ұлттық брендімізге айналдыруға тағы бір жақсы мүмкіндік. 

Бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданған. 

Ендігі мақсат тазының санымен қоса сапасын арттыру. Ол үшін Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылады.

Жазылу