Астанада LRT стансасы іске қосылмай жатып өртенді

Астанада LRT стансасы іске қосылмай жатып өртенді

фото: Астана әкімдігі/kaz.inform.kz

Астанада LRT стансаларының бірінен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шықты, деп жазды kaz.inform.kz.

Оқиға Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен мақта тұтанған.

Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық өшірілген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

Жазылу