Астана LRT 17 мамырда жұмысын бастайды

Астана LRT 17 мамырда жұмысын бастайды

фото: pexels.com

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елорда тұрғындары мен қонақтары Астана LRT-мен алғашқы сапарын қай күні жасай алатынын айтты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өтебаевтың айтуынша, жүйе дайындық жұмыстарының қорытынды кезеңінде, оған тағы екі күндей уақыт кетеді.

"Бүгін 15-і. Ертең дайындық жұмыстары тағы бір күн жүреді. Бүрсігүні (LRT-мен жүре аласыздар – ред. еск.)", - деді Ерсін Өтебаев тілшіге.

Осылайша, Астана LRT жексенбі, 17 мамырда жұмысын бастайды.

Астана LRT іске қосылады

Бұған дейін CTS компаниясы журналистерге Астана LRT-ның тұрақты жолаушылар тасымалы осы аптада, 16-17 мамырда басталатынын хабарлаған болатын.

Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 бекет бар. Оларға атау берілді.

Платформаға өту үшін билет немесе көп реттік көлік картасын сатып алу қажет. Бір жол жүру құны 200 теңге болады.

Жазылу