АҚШ-тың бюджет тапшылығы 2 трлн доллардан асып кетті

АҚШ-тың бюджет тапшылығы 2 трлн доллардан асып кетті

фото: https://pixabay.com/

Тарихта ең ірі тапшылықтардың біріне айналуы мүмкін

–АҚШ Қаржы министрлігінің бағалауынша, федералды бюджет тапшылығы биылғы қаржы жылында кем дегенде 2 трлн-нан астам долларды құрайды, бұл ел тарихында ең үлкен көрсеткіштердің бірі болады, деп хабарлайды FOX Business.

Ақ үй 2026 қаржы жылында бюджет тапшылығы шамамен 2,1 трлн долларды құрайды деп шамалады, осы арада облигациялар нарығына қатысушылар тапшылықты шамамен 2 трлн доллар көлемінде болады деп болжап отыр.

Екі көрсеткіш те Конгрестің партиялық емес бюджеттік басқармасының ақпан айында жариялаған 1,8 трлн долларлық бағалауынан асып түседі.

- 2 трлн доллар көлеміндегі тапшылық бұрын болмаған еді және ол тек ірі экономикалық құлдырау кезінде ғана орын алды. 2 трлн долларлық тапшылықтың қалыпты жағдайға айналуы өте қорқынышты жағдай, - деп мәлімдеді Жауапты федералды бюджет жөніндегі партиялық емес комитеттің президенті Майя Макгиннес.

Бұл АҚШ тарихында үшінші ең үлкен тапшылық болады. Ең үлкен тапшылық 2020 қаржы жылында, COVID-19 пандемиясы кезінде 3,1 трлн долларды құрады, ал келесі жылы экономиканы қолдауға арналған ынталандыру шығындарының күрт өсуі аясында ол шамамен 2,8 трлн долларға жетті.

Осыған дейін АҚШ-тың ұлттық қарызы экономика көлемінен асып кеткені хабарланды.

Дерек көзі:https://kaz.inform.kz

Жазылу