Қазіргі жатақхана қоры шамамен 2 300 орынға есептелген
Министрлік Азия даму банкі және Satbayev University-мен жобаны сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету туралы келісімге қол қойды.
"Келісім аясында Satbayev University базасында "жобалау – құрылыс – қаржыландыру – пайдалану" моделі бойынша шамамен 5 900 орындық студенттік жатақхана салу көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Азия даму банкі жобаны сүйемелдеу жөніндегі кеңесші ретінде жобаның барлық кезеңдерінде жан-жақты сараптамалық қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, Satbayev University оқу орнында 10 мыңнан астам студент білім алады, олардың шамамен 80%-ы өңірлерден келген. Қазіргі жатақхана қоры шамамен 2 300 орынға есептелген, бұл басқа қаладан келген студенттерді орналастыру мүмкіндігін шектеп, жалдамалы тұрғын үй нарығына жүктемені арттырады, дейді министрлікте.
Дерек көзі: https://sputnik.kz