Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, өзі көз жұмды

Жануарлар жанашыры мысықты құтқарамын деп, өзі көз жұмды

фото: https://www.istockphoto.com/portfolio

Павлодар облысында ер адам ағаштағы мысықты жерге түсіремін деп мерт болды.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның көз жұмғанын растады. Басқарманың мәліметінше, ер адамның әр жері сынған, сондай-ақ ол жедел жәрдем травмалық шок жағдайында Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілген. Алайда ер адам ауруханада көз жұмды.

“Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам мысықты түсіруге көмектесемін деп көз жұмды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алдын ала деректер бойынша, ер адам шамамен 6 метр биіктіктен құлаған.

https://stan.kz/

Жазылу