Шымкентте 500-ден астам автокөлік айып тұрағына қойылды

Шымкентте 500-ден астам автокөлік айып тұрағына қойылды

фото: https://pixabay.com/

Шымкентте бір аптада 7 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Қалада  «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Тәртіпті қатаңдату мақсатында елдің өзге өңірлерінен қосымша патрульдік полиция күштері тартылған еді.

Полицияның мәліметінше, рейдтік іс-шараның алғашқы жеті күнінде 7730 құқық бұзушылық анықталды.

– Рейд барысында 565 автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Анықталған деректердің қатарында мас күйінде көлік жүргізу, авариялық жағдай туындату, қарсы жолаққа шығу, мемлекеттік нөмірсіз көлікті пайдалану, жалған нөмір тағу, жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың көлік басқаруы және басқа да құқық бұзушылықтар бар, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ полиция өкілдері рейд барысында негізгі назар тек алғашқы медициналық қобдиша сияқты қосымша жабдықтарды тексеруге бағытталады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

– Мұндай құралдардың болуы, ең алдымен, жүргізушілердің өз қауіпсіздігі үшін қажет.

Басты мақсат – қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деп мәлімдеді ведомство.

Бұдан бұрын Шымкентке 3 өңірдің полиция қызметкерлері келгенін жазған едік.

 Дерек көзі:https://kaz.inform.kz

 

Жазылу