Оралда дүкендерді 1 млн теңгеге тақырға отырғызған ұрылар ұсталды

Оралда дүкендерді 1 млн теңгеге тақырға отырғызған ұрылар ұсталды

фото: https://pixabay.com/

Күдіктілердің заңсыз әрекеттерінен кәсіпкерлерге шығын келген.    

Орал бірқатар дүкенде ұрлық жасағандар құрықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер түнгі уақытта сауда нысандарына заңсыз кіріп, ақшалай қаражатты, азық-түлік өнімдерін және өзге де тауар-материалдық құндылықтарды жымқырған. Олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 1 млн теңгеден асты.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу