Кувейттің электр стансаларын кім бомбалады?

Кувейттің электр стансаларын кім бомбалады?

фото: pexels.com

Иран Кувейттегі электр стансалары мен су тұщыту зауытын бомбалады. Бұл туралы Кувейт Энергетика және су ресурстары министрлігі хабарлады, деп жазды 24.kz. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында авариялық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығын көлемі де белгісіз. 

Ал Иран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ислам революциясы сақшылары корпусы аталған оқиғаны Израильдің арандатуы деп бағалап, аймақтағы негізгі нысана АҚШ-тың әскери базалары екенін мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы шиеленіс қанша ушықса да, Түркия қарулы қақтығыстарға араласпайды. Дегенмен аймақтағы текетіресті тоқтату үшін қолдан келгенін жасайды.  Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді. Елдің қауіпсіздігі басты міндет деген ол, ресми  Анкараны бұл соғыстан аулақ ұстауға ниетті екенін жеткізді. Түркияның басты міндеті – тұрақты бейбітшілікті орнату, - деді Ердоған. 

Жазылу