Ирландияда сатылымға тұтас бір ауыл — Village at Lyons қойылды. Ол Дублин қаласына жақын жерде Килдэр графтығында орналасқан. Нысанның құны 20 миллион еуро, деп жазды BILD.
Ирландиядағы Village at Lyons кешенінің болашақ иесі тарихи нысандар жиынтығына ие болады. Оның құрамына тас үйлер, паб, шіркеу, су диірмені және канал маңындағы аумақ кіреді.
Бұрын бұл ауыл қараусыз қалған күйде болған, алайда 1990-жылдары оны Тони Райан басшылығымен қалпына келтірген. Қайта жөндеу кезінде тарихи келбетін сақтау басты назарда болған.
2016 жылдан бері нысан инвестор Барри О’Каллаган-ға тиесілі болып, ол жерде Cliff at Lyons люкс қонақүйін ашқан.
Айта кетейік, Village at Lyons тек жылжымайтын мүлік ретінде ғана емес, сонымен бірге қонақүй бизнесіне немесе жеке резиденция ретінде пайдалануға болатын дайын тарихи кешен ретінде сатылымға шығарылған.
Айта кетейік, Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан Флорида штатындағы Индиан Крик жасанды аралынан 170 миллион долларға зәулім үй сатып алды. Бұл транзакция Майами тарихындағы ең қымбат мәміле болды.
Дерек көзі:https://kaz.inform.kz