Елімізде жаңа орден пайда болады

Елімізде жаңа орден пайда болады

фото: pexels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы данышпан бабаларымыздың баға жетпес туындыларын заман талабына сай кәдеге жарата білуіміз керек екенін атап өтті.

- "Бүгінгі салтанатты жиында бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді.  Біз зияткерлік мұрамызды мақтан тұтамыз. Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Абай сынды ғұламаларымыз соңына сарқылмас рухани қазына қалдырды. Олардың еңбектері әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына кіреді. Данышпан бабаларымыздың баға жетпес туындыларын заман талабына сай кәдеге жарата білуіміз керек. Ойшылдарымыз бен ғалымдарымыздың мұрасын терең танып, кеңінен дәріптеп, барынша дамытқан жөн. Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды. Түркістан төрінде «Қожа Ахмет Ясауи» ордені туралы көтерген бастаманың мәні де – осында, деді Президент.

Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.

Фото: akorda.kz.

Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі", , деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, "Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады.

 Былтыр Ясауи ілімін зерделеуге арналған халықаралық симпозиум өтті. Жалпы, бәріміз әйгілі Қожа Ахмет Ясауиді бірегей ғұлама ғалым әрі өркениеттанушы ретінде еліміздің әрбір аймағында және шетелде де кеңінен дәріптеуіміз керек. Сонымен бірге оның құндылығы аса зор бай мұрасын өзіміз де барлық тұрғыдан жан-жақты зерттеуіміз қажет. Осы өнегелі дәстүр биыл әл-Фараби форумына ұласады. Мұндай тағылымы мол, ғылыми мәні зор басқосулар жыл сайын өткізіліп тұрады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Жазылу