Цифрлы дала: пилотсыз техника егінге кірісті

Цифрлы дала: пилотсыз техника егінге кірісті

фото: bibimot.ru

       Еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологиялар қарқынды енгізіліп, ауыл тіршілігі біртіндеп жаңарып келеді. Бүгінде фермерлер алқапқа пилотсыз трактор шығарып, егіншілікті заманауи цифрлық жүйелермен ұштастырып отыр. Бұл өзгерістер тек қалаларда емес, ауылдық жерлерде де технология дамып жатқанын көрсетеді.

       Қазір Қазақстанда 200-ден астам смарт-ферма жұмыс істейді. Олар егін және мал шаруашылығында цифрлық шешімдерді қолданып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік беруде. «Ақылды ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша жасанды интеллекті бар техника мен дрондарды пайдаланатын шаруаларға мемлекет қолдау көрсетіп келеді.

       Соңғы уақытта авто пилот жүйесіне сұраныс айтарлықтай артқан. Себебі мұндай жүйелер жұмысты жеңілдетіп, уақыт пен жанармайды 10–20 пайызға дейін үнемдеуге көмектеседі. Мамандардың айтуынша, автопилот техниканы түзу бағытта жүргізіп, алқаптың толық әрі біркелкі өңделуін қамтамасыз етеді.

       Бұл технология тұқым мен тыңайтқыштың да біркелкі себілуіне ықпал етеді. Нәтижесінде өнім көлемі артып, еңбек тиімділігі жоғарылайды. Мұндай техниканы толық жүргізудің қажеті жоқ, тек механизатор бақылап отырса жеткілікті.

       Қазір шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары автопилотпен бірге келеді. Ал отандық техниканы пайдаланатын шаруалар бұл жүйені өздері орнатады. Дегенмен олар мұны артықшығын емес, тиімді мүмкіндік деп қабылдап отыр.

       Сонымен қатар, жерді тегістеу технологиясы да кеңінен қолданыла бастады. Әсіресе суармалы алқаптарда бұл әдіс өте тиімді. Арнайы жүйе арқылы жер бедері анықталып, су біркелкі таралады, бұл егіннің жақсы шығуына әсер етеді.

       Жалпы, аграрлық саланы цифрландыру — уақыт талабы. Сарапшылардың пікірінше, мұндай технологиялар өнімділікті арттырып қана қоймай, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға да жола шады.

       Ақпарат дереккөзі: 24.kz

Жазылу