Беларусь түркі еліне 90 Ватиканға барабар жер бөліп берді

Беларусь түркі еліне 90 Ватиканға барабар жер бөліп берді

фото: https://pixabay.com/

ЕАЭО бойынша одақтас елде мал жаппай қырылып, АӨК жүйелі проблемалармен бетпе-бет келіп отыр.

ТМД-дағы "аграрлық алпауыт" саналған Беларусьтің ауыл шаруашылығында жүйелі дағдарыс пен мал жұты белең алды. Ресми Минск бұл тығырықтан шығудың экзотикалық жолын тапқан сияқты. Енді Еуропаның қақ ортасындағы жайылымдар мен егістіктерді Өзбекстан фермерлері игереді деп күтілуде.

Әмір Темір ұрпақтарының 454 Ватиканы және Ташкент тасқыны

Өзбекстан Беларусьтегі ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ мерзімді жалға алу туралы келісімге келді. Бұл туралы "Дүние" ақпараттық агенттігі хабарлады. Жалға алынған аумақта кең ауқымды мемлекетаралық фермерлік бастаманы іске асыру жоспарлануда.

Оның аясында бірінші кезеңде өзбек ағайын бұл елге 1 мыңдай асыл тұқымды ірі қара мал жеткізіп, өсіріп-өрбітетін болады. Жобаны Қашқадария облысының жетекші мал шаруашылығы кәсіпорындары беларусьтік серіктестермен бірлесіп жүзеге асырады.

Ташкенттің бұл қадамы – салқын есеп пен стратегиялық айланың жемісі. Оңтүстік көршімізде шабындық пен жайылым жерлер тапшылығы туындады. Ал беларусьтік шүйгін шабындықтар мен ен жайлау мал өсіруге жайлы. Өзбекстанда сиыр етінің бағасы екі есе қымбаттады. Оны онсыз да Беларусьтен тасып жеп, соған телміріп отыр. Ендігі жоспар – сол сиырды өзбек ағайын бұл елде өзі өсіріп, оның етінің бір бөлігін өзіне жеткізеді. Ал, кері қайтқан фуралар Беларусь дүкендерін мейіз бен қауын-қарбызға толтырмақ. Осылайша, екі ел арасында өзіндік "өндірістік тұйық цикл" орнатылуға тиіс.

Жер бөлу туралы келісім Өзбекстан делегациясының Беларусь Республикасына жұмыс сапары барысында қол жеткізілді. Алда оны елдің парламенті – Ұлттық жиыны ратификациялауға тиіс.

 Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу