"Заманына қарай амалы" дегендей, бүгінгі таңда кәмелет жасына толған көптеген жас ата-анасынан ақша алудан арланбайды.
Материалдық жағдайы жақсы ата-ана баласының ипотекасын немесе автонесисін жауып беруге, қымбат тұрмыстық техника сатып алуына көмектесуге дайын тұрады. Мұндай қамқорлық көрген балалар қандай да бір қаржылай қиындық туындай қалса ата-анасына алақан жаяды.
Жалпы ата-аналар ересек балаларына көмектесуі керек пе?
Назарларыңызға ұсынып отырған бейнематериалда осы тақырып кеңінен көтерілген.