АҚШ пен Израиль Ирандағы 763 мектепті қиратты

АҚШ пен Израиль Ирандағы 763 мектепті қиратты

фото: pexels.com

Ирандағы соғыс 245 оқушы мен 58 ұстаздың өмірін қиды. Бұл туралы Ислам Республикасы Білім министрлігі хабарлады, деп жазды 24.kz.

 Қаралы тізімдегілердің көбі Минабта бастауыш мектепке жасалған соққыдан қаза тапқан. Сол кезде білім ошағына атылған зымыран 168 бала мен 12 мұғалімнің өмірін қиған еді. "Қызыл Жарты ай" халықаралық ұйымының дерегі бойынша, соғыс басталғалы АҚШ пен Израиль Ирандағы 763 мектепті қиратты.

Фото: pexels.com.

АҚШ пен Иран оқ атуды 45 күнге тоқтату мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы америкалық Axios басылымы жазды.

 Әлемнің тұрақтылығы үшін маңызды келіссөзге Пәкістан, Мысыр және Түркия арағайын болып отыр. Вашингтон Тегеранға бірнеше ұсыныс әзірлеп, жіберген. Бірақ Ислам Республикасы тек қағаз жүзінде орындалатын келісім жасамаймыз, - деп отыр. 

"Егер Иран Құрама Штаттардың уақытша бітімге қатысты ұсынысын қабылдаса, соғысты толық тоқтатуға жол ашылады", - дейді сарапшылар.

Жазылу