Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

фото: https://pixabay.com/

Жалпы полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 4 828 көлікті анықтады

Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында "Стоп – бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындылары жарияланды. Іс-шараның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 4 828 көлікті анықтады.

Рейд барысында қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар анықталды.

көлік құралын басқару құқығы жоқ азаматтардың көлік жүргізуі - 44 факті;

жүргізуші куәлігінен айырылғандардың қайтадан көлік басқаруы - 8 факті;

жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану - 8 факті;

қозғалыс жолағына шығу - 15 факті.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2 мыңнан астам автокөлік, оның ішінде шетелдік тіркеудегі көліктер де, арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Қала полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте өңірлерден қосымша күштер тартылып, қаладағы негізгі магистральдарда сүзгілік бекеттер ұйымдастырылған.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Жазылу