Әкесін азаптаған жігіттің жазасы ұзартылды

Әкесін азаптаған жігіттің жазасы ұзартылды

фото: pixabay.com

Туған әкесін ұрып-соғып, азаптағаны үшін сотталған адам алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы  kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы Жетісай ауданында 41 жастағы Алмас Садақбаевты туған әкесіне жүйелі түрде зорлық көрсеткені үшін алғашқы сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Алайда Шардара аудандық прокуратурасы бұл жазаны жеңіл деп тауып, апелляциялық шағым түсірді. 

Фото: видеодан алынған скрин

  Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, Садақбаевтың жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін объективті түрде бағалап, жазаны күшейту туралы шешім қабылдады.

– Сот алдыңғы берілген жазаның қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыға сүйене отырып, бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартты, – деп хабарлады сот.

Нәтижесінде Алмас Садақбаевқа түпкілікті 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тергеу мәліметтері бойынша, 41 жастағы күдікті ұзақ уақыт бойы қарт әкесін ұрып-соққан және азаптаған. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Жазылу