фото: pixabay.com
ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «шұғыл хабарландыру» ретінде тарап жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz.
Министрлік дерегінше, азаматтарды белгілі бір елдерден келген адамдармен қарым-қатынас жасамауға шақыратын мәтін ресми құжат емес және ведомство тарапынан таратылмаған.
ІІМ тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, күмәнді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.
Фото: ІІМ
Сондай-ақ жалған ақпаратты тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через