фото: kaz.inform.kz
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана Жастары жастар ресурстық орталығы «Жанымда жүр жақсы адам...» атты ерекше фотобайқау бастады.
Жоба – 35 жасқа дейінгі табысты, кәсіби жолын, отбасылық өмірін және жеке дамуын қатар алып жүрген жігерлі қыз-келіншектерді көпшілікке таныстыруға бағытталған виртуалды көрме.
Байқауға өз саласында жетістікке жеткен, қоғамға үлес қосып жүрген, жастарға үлгі бола алатын арулар қатыса алады. Шарт бойынша қатысушы туралы кемінде 200 сөзден тұратын жетістік тарихы үшінші жақта жазылып, 1:1 форматтағы сапалы фотосуретпен бірге әлеуметтік желіге жариялануы тиіс. «Жазбаны әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялап, сегізінші наурыз және “Жанымда жүр жақсы адам” деген атауларды қосып, “Астана жастары” парақшасын белгілеуіңіз керек.»
Өтінімдер 5 наурызға дейін қабылданады. Үздік оқиғалар орталықтың ресми парақшасында жарияланып, көпшілік назарына ұсынылады.
Бұл байқау – жанымызда жүрген жақсы адамдарды бағалап, алғыс айтуға берілген мүмкіндік.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через