фото: pixabay.com
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жалғасып жатыр. Дегенмен, президент Дональд Трамп мәлімдегендей, бұл шайқас аяқталуға жақын. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Америка басшысының айтуынша, себебі Ислам Республикасының қару-жарағы таусылуға таяп қалған. Бірақ өзге бір сөзінде Трамп қарулы қақтығыстың осы аптада тоқтамайтынын да атап өтті.
Сондай-ақ Трамп Иран мұнай таситын кемелердің жолын бөгей беретін болса, оған «өліммен, отпен, ашумен» жауап беретінін ескертті. Сондай-ақ Трамп мұнай нарығындағы жағдайды жеңілдету үшін Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп, Мәскеуге қарсы санкцияларды жеңілдету мәселесін қарастыруға кірісті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Біз бұл істі осы күйінде жалғастырамыз. «Эпикалық қаһар» операциясы әзірге тоқтамайды. Дегенмен, біз әлемге энергия мен мұнай тасымалдауды тұралатпауды да назарда ұстап отырмыз. Иран кедергі жасаймын десе, қатаң соққыға ұшырайды.
Алайда бұл ескертулерге Тегеран құлақ асып отырған жоқ. Иран Америка мен Израиль шабуылды тоқтатпаса, Таяу Шығыстан «бір литр мұнай» өткізбейтінін хабарлады. Және де Иран өзінің жоғарғы лидері етіп марқұм Аятоллла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді сайлап, Құрама Штаттардың аймақтағы одақтастарына ракеталармен, дрондармен соққы беруді жалғастырып жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через