Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар мен жаңбыр жауады

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қар мен жаңбыр жауады
фото: https://pixabay.com/

Елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады

 "Қазгидромет" синоптиктері 9 наурызға жасалған ауа райының болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыстан келген циклон әсерінен жаңбыр мен қар жауады, кей өңірлерде жауын-шашын мол түседі. Елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр мен қалың қар жауады.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді, боран соғады, көктайғақ және тұман болады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz