фото: https://pixabay.com/
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр
Ақмола облысының Қосшы қаласында қаптан баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қап көше бойынан табылған. Бала айы-күні жетілмей шала туған деген болжам бар. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция оны растады.
"Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через