Қазақстан алтынды көп сатып алып жатыр

Қазақстан алтынды көп сатып алып жатыр
фото: pixabay.com

Еліміз алтын сатып алудан екінші орында тұр 

 

Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты. Бұл Туралыв "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

 Finprom-ның мәліметінше, былтыр еліміз 57 тонна алтын сатып алып, жаһандық нарықтағы ең ірі сатып алушылардың қатарына енген. 

Алтын сатып алу бойынша әлемдік тізімде көш бастап тұрған - Польша. Бір жыл ішінде бұл мемлекет 102 тонна алтын сатып алған. Ал Қазақстаннан кейінгі үштікті Әзірбайжан жалғап тұр. Бұл ел де алтын қорын 53 тоннадан астам көлемде толықтырыпты. 

Алтынға деген мұндай жоғары сұраныс оның бағасының қымбаттауымен қатар жүріп отырған. 2025 жылдың басында бір унциясының құны шамамен 2 мың 800 доллар болса, бүгінде бұл көрсеткіш 5 мың доллардан жоғары деңгейде тұрақтады. Нәтижесінде алтын қаржы нарығындағы құбылмалы кезеңде ең сенімді әрі ең табысты қорғаныш активтердің біріне айналып отыр.