фото: mail.mektep.edu.kz
Оқу-ағарту министрлігі «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлады.
Бұл байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын материал бұрын еш жерде жарияланбаған, өзге байқауларға ұсынылмаған, авторлық құқық сақтала отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі тиіс.
Жобаларды қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через