фото: kaz.nur.kz
Елордада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мәртебелі марапаттарын табыстау рәсімі өтті.
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін ұйымның ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды.
Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актриса Самал Еслямова түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесіне ие болды.
Салтанатты рәсімде өнер иелерінің жетістіктері қазақстандық мәдениеттің халықаралық деңгейде танылуына және түркі халықтары арасындағы мәдени байланысты нығайтуға зор үлес қосып отырғаны атап өтілді.
Өз кезегінде Димаш Құдайберген өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың ықыласы мен қолдауы екенін айтып, бұл құрметті бүкіл қазақ халқына көрсетілген ілтипат деп қабылдайтынын жеткізді.
«Түркі әлемінің мәдени елшісі» ордені Димашқа дейін әлемге танымал түрік ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санджарға табысталған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через