фото: kaz.zakon.kz
Қытайдағы Ушань уезі тұрғындары жылдар бойы жұмысқа бару, туыстарына жету немесе дүкенге бару үшін үлкен қиындық көріп келген. Олар тік беткейлер мен тар, ирелең жолдар арқылы жүріп, жолға шамамен бір сағат уақыт жұмсайтын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science басылымының жазуынша, енді жаңа Wushan Goddess Escalator эскалатор кешенінің арқасында тұрғындар ауданға оңай кіріп-шыға алады. Бұл – қала ішіндегі осындай үлгідегі әлемдегі ең ұзын эскалатор жүйесі.
Эскалатор 2026 жылдың ақпан айының соңында Чунцин қаласына қарасты таулы Ушань уезінде ресми түрде ашылды.
Бұл ауқымды жоба бұрынғы бір сағатқа созылатын қиын тау жолын небәрі 20 минуттық жайлы сапарға айналдырды. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындардың өмірі жеңілдеп, бұл өңір туристер үшін де әлдеқайда қолжетімді бола түсті.
Көшенің тік осі бойымен салынған бұл жүйенің жалпы ұзындығы 905 метр, ал көтерілу биіктігі 242 метрді құрайды. Бұл шамамен 80 қабатты зәулім ғимараттың биіктігімен тең.
Кешеннің барлық бөлігі мөлдір шыны қабырғалармен жабдықталған, бұл жолаушыларға таулы өңірдің әсем көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через