фото: pixabay.com
Елімізде жүргізушілер жол-көлік оқиғасын полиция қызметкерлерін міндетті түрде шақырмай-ақ, Еурохаттама арқылы жедел әрі онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бұл үшін App Store немесе Play Market платформаларынан «Еурохаттама» мобильді қосымшасын жүктеп, ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Одан кейін «ЖКО рәсімдеу» бөлімі таңдалады, деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Оқиға орнында ЖКО-ға қатысушылар көлік құралдарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін және келтірілген зақымдарды фото немесе бейнежазбаға түсіріп, қосымшада қажетті деректерді толтырады. Екі жүргізуші де оқиғаның мән-жайымен электронды түрде келісімін растайды. Барлық ақпарат автоматты түрде сақтандыру компаниясына жолданып, сақтандыру төлемі заңнамада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады, — деп түсіндірді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Еурохаттаманы жәбірленушілер барлық уақытта өздігінен толтыра алмайды.
Еурохаттаманы қолдану жәбірленушілер болмаған және келтірілген материалдық шығын мөлшері белгіленген лимиттен аспаған жағдайда мүмкін. Мұндай кезде полиция шақыру талап етілмейді», — деп түсіндірді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Еурохаттама жол-көлік оқиғаларын жедел, қауіпсіз әрі артық уақыт шығынынсыз реттеуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через