фото: https://pixabay.com
150 мың қорап темекі автокөлік цистернасының көрінбейтін жеріне жасырылған
Жамбыл облысының Меркі ауданындағы Сыпатай өткізу пункті арқылы заңсыз темекі өткізбек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Оқиға 19 ақпанда болған.
"Шекара қызметі ел аумағына 150 мың қорап акцизсіз темекі әкелу әрекетінің жолын кесті. Ұсталған тауардың құны – шамамен 60 млн теңге", - деп жазылған хабарламада.
Темекі бұйымдары автокөлік цистернасының көрінбейтін жеріне жасырылған. Жүк ілеспе құжаттарсыз жүрген. Қазіргі уақытта құзіретті органдар айналысып жатыр.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через