фото: https://pixabay.com/
Әкесінен соққы алған бала небәрі 3 жаста
Әлеуметтік желіде кішкентай баланы дәрігерлер қарап жатқан видео тарады.
Жетісу облыстық полиция депртаментінде осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"2 ақпанында сағат 21:00-де "102" арнасына медициналық мекемеден үш жастағы баланың зорлық-зомбылықтан белгілері бар дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгені туралы қоңырау түсті. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полицияда.
Қылмыс жасады деген күдікпен баланың әкесі, яғни алкогольдік мас күйде болған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бала мен оның анасы қазір ауруханада жатыр. Осы істің тергеп-тексерілуі полиция департаменті басшысының жеке бақылауында, дейді полицейлер.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через