фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Herzstaub
Жаңа заңға сәйкес, әкімдіктер де енді қоғамдық орындарды ластаған немесе инфрақұрылымға зиян келтірген азаматтарға полицияны күтпей-ақ айыппұл сала алады. Бұл өзгерістер 2026 жылғы наурыздан бастап күшіне енеді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, қала мен елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын бақылау күшейеді. Енді Астана, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыстың жергілікті әкімдіктері қоғамдық кеңістікті ластаған немесе абаттандыру ережелерін бұзған тұрғындарға әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл сала алады. Бұрын мұндай құқық тек құқық қорғау органдарына ғана берілген еді.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, былтыр осындай заңбұзушылық үшін 500 мыңнан астам адам жауапқа тартылып, жалпы сомасы 5 миллиард теңгеден асатын айыппұл салынған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через