фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі
Таразда 300-ден астам жыр-термені жатқа білетін талант тұрады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
25 жастағы Бекарыс Көштаев жадына, тұтас бір жыраулар дәуірін сақтап алған. Ол жыршылық өнерді 8 сыныпта оқып жүріп меңгере бастаған.
Қазір 17-18 ғасырға тән Бұқар, Қабан жырау-дың жырларынан бастап, Алпамыс батыр дастаны, Қобыланды, Сұраншы батыр толғауларын жатқа айтады. Жас талант 20-ға жуық мақам біледі. Биыл жоғары оқу орнын тәмамдап, туған жерге еңбек етуге келген.

Фото: 24.kz.
Қазір облыстық айтыскерлер орталығында, шәкірт тәрбиелеп жүр. Алдағы уақытта ұмытылған өнерді ұлықтап, аймаққа тән жыр мақамдарын зерттеп, кітап шығармақ.
Бекарыс Көштаев, жыршы: - Алды 30 күн, одан әрі де жырлай беретін жағдайлар болған. «Манасқа» теңестірілетін «Қырымның 40 батыры» дейтін дастандар желісі бар. Яғни бұл Ноғайлы дәуіріндегі 40 батырдың ерлігін жырлайтын тізбекті жырлар деп атауға болады. Сол секілді дастандар болады. Қазіргі таңда бұның бәрі қысқарып 4 сағаттың көлеміндегі дастандар. Бүгінгі таңда сақталған. Енді осы дастандардан атап айтатын болсақ, «Алпамыстан» қозғап айтып жатамыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через