фото: https://kaz.tengrinews.kz/
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражат қашан түседі? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді.
БЖЗҚ мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпанынан кешіктірілмей қаражат аударылады.
"2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады", - делінген хабарламада.
Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балық бала (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып саналады.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через