фото: https://pixabay.com/
Бортта 52 шетелдік турист болған
Таиландта қайық траулермен соқтығысты. Зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Мәлімет тексеріліп жатыр, әзірше Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспеді", - дейді министрлік.
Апат салдарынан 18 жастағы ресейлік қыз қайтыс болды. Оқиға Пхи-Пхи аралдарының маңында Астана уақытымен сағат 9:05-те болған. Туристік қайық пен шағын балық аулау траулері соқтығысқан.
Барлығы 22 адам зардап шекті: Таиландтың үш азаматы (экипаж мүшелері) және 19 шетелдік турист.
Пхукет провинциясы әкімшілігінің көмегімен Пхи-Пхи аралындағы ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің бір бөлігі одан әрі емделу үшін Пхукетке жеткізілді.
Айта кетері, апат салдарынан туристер отырған қайықтың тұмсық бөлігі қираған.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через