Шахтинск маңында 50 адам мінген автобус күтпеген жағдайға тап болды

Шахтинск маңында 50 адам мінген автобус күтпеген жағдайға тап болды
фото: видео кадры

        Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жолдан шығып кетті.

       Оқиға Шахтинскіден шығаберіс тасжолда болған. Боран мен көктайғаққа байланысты автобус басқаруға бағынбай, жол жиегіне түсіп кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

       Ведомство жүргізушілерге үндеу жасап, күрделі ауа райы жағдайлары: боран, қатты жел мен көктайғақта аса мұқият әрі сақ болуды ескертті.

"Жылдамдық режимін сақтаңыздар, арақашықтықты ұстаныңыздар, манёврді ойланбай жасаудан аулақ болыңыздар, ал мүмкіндік болса, алыс сапарларды кейінге қалдырыңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты", - деп мәлімдеді полиция.

https://kaz.tengrinews.kz/