фото: https://pixabay.com/
Мұндай болжамды көрші елдің жетекші мамандары жасаған.
Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға қатысты жоспары Ресей экономикасына ауыр соққы болуы мүмкін екенін жасырмайды.
Венесуэла – әлемдегі ең ірі мұнай қорына ие елдің бірі. Десе де, PDVSA компаниясының әлсіздігі мен АҚШ санкциялары экспортты тежеп келді. Егер Мадуро биліктен түбегейлі кетсе, бұл әлеуетті америкалық мұнай алпауыттары игеруі әбден мүмкін. Мұны Трамптың өзі де ашық айтып, Венесуэлаға ірі америкалық мұнай компаниялары кіретінін мәлімдеген еді.
Бұл Ресей үшін аса маңызды саналып отыр. Себебі, ел бюджеті мұнай бағасына тікелей тәуелді. Қаржы министрлігі 2026 жылға бюджетті баррелі 59 доллар деп жоспарлаған, ал қазір Urals мұнайы – 50-52 доллар шамасында. Баға одан әрі түссе, бюджет үлкен тапшылықпен бетпе-бет келеді.
Ресейлік сарапшы Игорь Юшков Мадуроның билікте қалуы Ресей үшін экономикалық әрі саяси тұрғыдан маңызды екенін айтқан. Оның пікірінше, Венесуэладағы "сценарий" Ресейге де қолданылуы ықтимал.
Ал экономист Сергей Суверов "АҚШ алдағы 2-3 жылда әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді ұлғайтып, бағаны төмендетеді" деп болжаған.
Кәсіпкер Олег Дерипаска америкалықтар Ресей мұнайының бағасын барреліне 50 доллардан асырмауға тырысатынын айтады. Бұл Кремльді шығынды қысқартуға, мемлекеттік мүлікті сатуға немесе жеке секторға салықты арттыруға мәжбүрлеуі мүмкін.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через