Инсульт пен обырды ерте анықтауда жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейтілмек

Инсульт пен обырды ерте анықтауда жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейтілмек
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/PanyaMingthaisong

         Қазақстанда әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалауға және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған денсаулық сақтаудағы басым ЖИ-жобалардың тізбесі қалыптастырылды.

        Негізгі бағыттардың қатарына инсульт, өкпе және сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдана отырып, стоматологиялық суреттерді талдау жатады. Бұл шешімдер қазірдің өзінде практикалық денсаулық сақтау саласында енгізіліп, кеңейтіліп жатыр.

       Бүгінгі таңда отандық медицина мамандары түрлі ЖИ-сервистерді белсенді қолданады. Осылайша, Cerebra 5 өңірдегі II және III санаттағы 9 инсульт орталығында, WDsoft шешімі 10 өңірдегі 190 медициналық ұйымда, AIDENTIS платформасы 65 стоматологиялық клиникада және 3 медициналық ЖОО-да енгізілді. ALIMA медицина қызметкерінің ЖИ-ассистенті бүкіл ел бойынша 700-ден астам емханада қолданылады.

— Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы көрсетілген медициналық қызметтердің автоматтандырылған мониторингі, клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау, дәрігер мен пациентті хабардар ете отырып, зертханалық талдаулардағы ауытқуларды анықтау, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен сұраныс бойынша мамандар туралы өзекті ақпаратты ұсыну үшін АИ-агенттерін пысықтап жатыр. Жобаларды іске асыру 8 графикалық процессорды қоса алғанда, бөлінген ЖИЦДМ есептеу ресурстарын пайдалана отырып, сондай-ақ API-интерфейстерге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.

       Келешекте SmartЭКГ шешімдерінің негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау бойынша жобаларды енгізу үшін ЖИ-құралдарын енгізу жоспарланып отыр.

       Бұған дейін Қазақстанда инсульт пен гепатитті ерте анықтау бойынша жаңа зерттеу енгізілгені анықталды.

      https://kaz.inform.kz/