Енді Қазақстан азаматтары көлігіне нөмірді өздері таңдай алады

Енді Қазақстан азаматтары көлігіне нөмірді өздері таңдай алады
фото: kaz.nur.kz

       2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жүргізушілерге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін өз қалауынша таңдау мүмкіндігі берілді. Яғни, бұған дейін кездейсоқ тәртіппен ұсынылатын нөмірлердің орнына, енді әр азамат өзі қалаған әріптік және сандық белгілерден тұратын мемлекеттік нөмірді рәсімдей алады.

       Бұл бастама халыққа қолайлы жағдай жасау, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Мемлекеттік нөмірді таңдау қызметі 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді болады. Қалаған әріптік және сандық белгісі бар нөмірдің құны 10 немесе 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген. Ал ерекше сұранысқа ие, сирек кездесетін нөмірлер үшін бөлек мемлекеттік баж қарастырылған.

       Айта кету керек, бұл өзгеріс автокөлік иелеріне жеке талғамын көрсетуге, есте қаларлық әрі ыңғайлы нөмір таңдауға мүмкіндік береді.