фото: pixabay.com
Алматыға қалың қар түсіп, ауа райы күрт салқындауы мүмкін. Синоптиктер ертең ауа температурасы -7 градус болса, 17 қаңтар күні -13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Қазір қалада коммуналдық қызметтердің жұмысы қызған. 1000-нан астам техника мен үш мыңға жуық маман көктайғақтың алдын алу жұмыстарына кірісті.
Сондай-ақ 200-ден аса құм себетін техника кезекшілікке қойылды. Синоптиктер алдағы күндері күн райы қолайсыз болатынын айтады. Сондықтан тұрғындарға жол қозғалысына сақтықпен қарауды ұсынады.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
16 қаңтар күні ауыспалы бұлтты болады, мезгіл-мезгіл қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде –5…–7 градус, күндіз –1…–3 градус болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через