Алматы мектептеріне қатысты қауесет ақпарат тарады

Алматы мектептеріне қатысты қауесет ақпарат тарады
фото: opennews.kz

       Әлеуметтік желіде  Алматыдағы бірнеше оқу орындарына террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар тарады. Аталған жағдайға полиция түсініктеме берді. 

       Хабарламада шабуылдың 20 қаңтар күні 8 мектепте болатыны айтылған.

       “Жақын арада… 2026 жылы 20 қаңтар күні Алматы қаласы мәңгілікке есте қалады. Мектептерде жаппай атыс ұйымдастырғымыз келеді. Мүмкіндігінше көбірек адамды өлтіруге тырысамын. Біз баратын мектептер: №6, №18, №157, №144, №134, №166, №156, №135. Осы мектептерде жаппай террористік акт болады”, – деп жазылған хабарламада.

       Аталған жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Олардың мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

       “Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы бірқатар мектептерде террористік актілер дайындалып жатыр деген мазмұндағы хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазір қаладағы білім беру мекемелеріндегі жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шаралар қабылдануда”, – делінген хабарламада.

       https://stan.kz/