17 жастағы қазақстандық вундеркинд әлемдік рейтингте жоғарылады

17 жастағы қазақстандық вундеркинд әлемдік рейтингте жоғарылады
фото: instagram.com/nurlanuly_zangar/

       Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді. Жаңартылған ITF рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды.

       Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақындады. Сондай-ақ, Дамир Жалғасбай 60-тан 31-сатыға, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға ауысты.

       Айта кетейік, олар 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.

       https://kaz.tengrinews.kz/