фото: © Photo : ҚР ҰҚК кедендік бақылау қызметінің арнайы сайты
Түркістан облысында полиция насыбай өндіретін заңсыз цехты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайынан насыбай өндіретін цехты анықтады.
"Егде жастағы ер адамның ауласындағы сарайынан 2000 келі болатын 40 қап насыбай өнімі мен оны дайындайтын құрылғылар табылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда аталған дерек тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицейлер насыбайдың денсаулыққа зиян және ұят әдеттердің бірі екені айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через