фото: pixabay.com
Қасақана ауыр дене жарақатын салу салдарынан жәбірленушінің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
– Алдын ала мәліметке сәйкес, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Сонымен қатар ведомство азаматтарды ойын-сауық мекемелеріне барған кезде қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға және жанжалдан аулақ болуға шақырды.
– Заңға қайшы кез келген әрекет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген, – деді полиция департаменті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через