фото: https://www.google.com/url suret.pics
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда Roblox онлайн ойынын бұғаттау немесе шектеу мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.
Вице-министрдің айтуынша, Roblox бойынша App Store-ға да, Google Play-ге де ешқандай өтініш жолданбаған.
«Онлайн платформаларда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды тіркеуге шектеу қою мәселесіне келсек, заңнамаға сәйкес Roblox онлайн платформа болып саналмайды. Сондықтан бұл нормалар қабылданған күннің өзінде, олар Roblox-қа әсер етпейді», – деді Евгений Кочетов Сенат кулуарында БАҚ өкілдеріне.
Сондай-ақ ол министрлікке ата-аналар қауымдастығынан Roblox платформасына қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через