фото: https://pixabay.com/
"Qaitadan" прокаттан 1 миллиард теңгеден астам табыс жинады
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың ең табысты фильмін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл "Qaitadan" фильмі қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді.
"Фильм прокаттан 1 миллиард теңгеден астам табыс жинады. Туынды мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарып қана қоймай, оны бес есе арттырды. Бұл жетістік мемлекеттік қолдаудың нәтижелі болғанын айқындап, көрерменнің отандық киноға деген сенімін нығайта түсті", - делінген ресми хабарламада.
Жалпы, 2025 жылы прокатқа 10 отандық фильм шыққан. Олардың ішінде "90+1", "Тарлан", "Игроманка", "Капитан Байтасов", "Qaitadan", "Алтын адам" анимациялық фильмі және басқа да туындылар бар.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через